Түркістан
EN

Шымкент жұрты Байдулла Қонысбекті ақтық сапарға шығарып салды

376
25.06.2022

Алаш жұрты журналистердің төбе биі атанған Байдулла Қонысбекті ақтық сапарға шығарып салды. Нар тұлғамен қоштасу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, ет жақын достары мен әріптестері, ағайын-туыстары қатысты. Қаралы митингіде  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан облыс және қала әкімдері жазған көңіл айту жедел хатын оқып берді. 

Байдулла Қонысбек бар өмірін осы қазақ журналистикасына арнады. Оның ішінде телевизия саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Тоқсаныншы жылдары қазіргі «Оңтүстік» телеарнасын эфирге шығарып, талай тілшіні тәрбиеледі. Алғаш рет «Бетпе-бет» хабарын ашып билік өкілдерімен ашық сұқбат құрды. Осылайша өмірінің соңына дейін қайраткерлік болмысы мен қайсарлығын көрсетіп, кейінгі буынға үлгі болды.

МАРХАБАТ БАЙҒҰТ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ »ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ, ЖАЗУШЫ:

- Байдулла Қонысбектің қазасы қоғамның қабырғасына бататын қаза. Оңтүстік руханиятына, мәдениетіне, әсіресе журналистикасына өлшеусіз еңбек сіңірді. Жас журналистерді тәрбиелеуде төккен тері өлшеусіз. Шәкірттері өте көп. Екеуміз жас айырмашылығымыз болғанымен, құрдастай қалжыңдасушы едік. Атырау Ақтауға Қостанайға Өскемен Семейге барсаңда Журналистер сұрайтын Байекеңді. Енді Байекең жоқ, бірақ шүкіршілік айтарын айтып, жазарын жазып өткен, артында 10 жуық кітап қалдырған үлкен тұлға. Енді Байекеңнің орны ойсырап қалады.

Нар тұлға өзі тұсауын кескен облыстық телеарнада 12 жыл басшылық қызмет атқарды. Кейін «Оңтүстік Қазақстан » газетінде бас редактордың орынбасары қызметінде болды. Тек журналистикамен ғана шектеліп қалмай қазақ әдебиетіне де қосқан үлесі қомақты. "Алуан-алуан жүрек бар", "Биік мұрат", "Бетпе-бет", "Ұрпаққа ұлағат" атты кітаптары жарық көріп, оқырман тарапынан жоғары бағасын алған.

ШАЛАТАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: 

- Мен бұл кісінің бойынан байқағаным таза қазақтың бойында болатын асыл қасиеттердің бәрі бар. Әсіресе оның бауырмалдығы, кісіні бөлмейтініне таң қалатын едім.  Ол оқып үйренетін нәрсе емес, ол тектіліктен қалған асыл мінез еді. Қандай басшы қызметтте болсын қосшы қызметте болсы, атқарған жердің барлығында жан-жағына мейірім шуақ шашып, өзінің болмысындағы жақсы қасиеті мен жақсы сөздерімен ерте беретін азамат еді. Шүкіршілік 80 жас аз өмір деп те айта алмаймыз, дегенмен де пенделіктен қасымызда жұрсе екен деймізғой. Барлығына көңіл айтамын, арты қайырлы болсын.

Қазақ телеарнасының дамуына үлес қосқан Байдулла Қонысбеков «Оңтүстік Қазақстан облысы» және «Бәйдібек» ауданының құрметті азаматы. Қазақстанның құрметті журналисі. Қоғам және мәдениет қайраткері. Мұның барлығы арда азаматтың көзі тірісінде өз еңбегімен жеткен жетістігі. Ұлағатты ұстаз, ұлт жанашыры болған нар тұлғаның есімі мен жарқын бейнесі ел есінде мәңгіге жатталық қала бермек.