Түркістан
EN

Қолданысқа берілгеніне жыл болмаған үйдің жертөлесі суға толған

181
25.06.2022

Шатырдан су өтіп, жертөле кәріз қалдықтарына толған. Бұл Түркістандағы жаңа үйлердің қазіргі жағдайы. Қабырғаларыда қақырап, іргетасы ыдыраудың шақ алдында тұр. Тұрғындар қирандының астында қаламыз ба деп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылыпты. Пайдалануға берілгеніне жыл толмаған жаңа нысан неге жарамсыз күйге түсті? 

Салтанат Асанбаева көпбалалы ана. Оған биыл наурыз айында мемлекет 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған. Ұзақ жылдар баспананы армандаған ол бұл жаңалыққа ерекше қуанғанын айтады. Алайда, қуанышы көпке созылмапты. Жаңбыр жауса жаңа пәтердің іші суға толады екен. Есік терезенің де сапасы сын көтермейді. Тіпті жақында ғана жауған жаңбыр суы жеделсатының астын жапқан. Әкімдіктен еш көмек болмаған соң тұрғындар өздері тазалуға мәжбүр болыпты. 

Көпқабатты тұрғын үйдің шатыры да жарамсыз күйде. Төбеге құйылған бетон тегіс болмағандықтан сай-салаға су жиналады. Арнайы қоршаулар жасалмағандықтан, балаларымыздың өміріне алаңдаймыз дейді тұрғындар.