Түркістан
EN

Энергетикалық сусын құрамынан қауіпті консерванттар анықтады

260
23.06.2022

Қостанайда санитар дәрігерлер энергетикалық сусындардың құрамына консерванттардың қауіпті деңгейде көп қосылғанын анықтады. Тексеріс бойынша алкогольсіз энергетикалық сусындардан, натрий бензоатының артқаны байқалған. Бұл қоспа тағамның сапасын жоғалтпай ұзақ сақтайды. Соның өзінде мұндай қоспасы бар тағамды жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Себебі ол аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. 

Ал мөлшері шамадан асып кеткенде ішкен адамның денесі бөртіп, қызарады, жөтел пайда болады дейді дәрігерлер. Қазір сусын жеткізушіге ішімдіктерді сату айналымынан алып тастау тапсырылса, комитет Ресейдің  өнімдерін зертханалық күшейтілген бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.