Түркістан
EN

Президент мектеп бағдарламасына шахмат енгізуді қолдады

328
23.06.2022

Шахмат мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандық гросмейстерлермен жүздесуінде айтты. Сондай-ақ Елімізде шахмат пен IT технологияны тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат ашылуы керек. 

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы кәсіпкерлер тарапынан шахмат спортын дамытуға көмек көрсетудің маңызды екеніне баса мән берді. Айта кетейік, жақында Үндістан мемлекетінде өтетін Дүниежүзілік шахмат олипмиадасында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.