Түркістан
EN

ҰҚК төрағасының экс-орынбасары Самат Әбіш тергелуде

171
23.06.2022

ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш тергеуге шақырылды. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді. Ол тергеу амалдары жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты. Сондай-ақ, Әмірханов тергеу амалдары барысында Самат Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады. 

Айтуынша, басшыларға қатысты тергеу ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты баптар, сонымен қатар "Әрекетсіздік" және "Немқұрайлылық" баптары бойынша жүргізіліп жатыр. Естеріңізге салсақ, биыл қаңтар айында Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді. 

АСҚАР ӘМІРХАНОВ, ҚР ҰҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

- Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс.