Түркістан
EN

Қазығұртта медицина қызметкерлері марапатталды

310
23.06.2022

Қазығұрт ауданындағы ақ халатты абзал жандардың еңбегі елеусіз қалмады.  Яғни мерейлі мерекесіне орай арнайы құрмет көрсетілді. 

Қазығұрт ауданында медицина саласында жаңалық жетерлік. Мәселен былтырғы жылы медицина бірлестігіне жедел жәрдем көлігі берілді. Ал бірқатар елдімекенде  емдеу орталығы ашылды. Бас дәрігер бұны аудандағы жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін айтады.

БЕЙБІТ ТӨРЕХАНОВ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАC ДӘРІГЕРІ: 

- Қазіргі таңда жыл өткен сайын ауруханамыз материалдық техникалық базасы жетілдіріліп келе жатыр. Оған еліміздің Президенті Қазақстан Республика өкіметінің қолдауымен жыл сайын жаңа қондырғылар алынып ғимараттымыз жаңарып, қазіргі талаптарға сай сәйкестендіріп жатыр. Заманауи қондырғылардың келуіне көп ықпалын тигізуде.

Бүгінде Қазығұрт ауданында  61 елді мекен бар. Мұндағы халыққа 1627-ге жуық медицина маманы қызмет көрсетеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл салада 74 046 дәрігер қызмет етеді.  Алайда, аудан аумағында  маман тапшы. Алайда  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген жастар жетерлік.

ОРАЗГҮЛ ӘШІМҚЫЗЫ, МЕЙІРБИКЕ:

- Талғар медициналық колледжін бітіріп келіп, осы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына жұмысқа кірдім. Осы «Дипломмен ауыл» бағдарламасымен үй алдым, үй-жайлы болдық. Мемлекетімізге алғыс айтамын. Ендігі мақсат тек халыққа қызмет ету.

2025 жылға дейін аудан ауруханасы 19 медициналық техникамен қамтамасыз етіледі. Емхана заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілмек. Нақтырақ айтсақ, эндоскопиялық құрылғы мен эксперт класстағы УЗИ аппаттары да халық игіліген қызмет етеді.