Түркістан
EN

Жетісай ауданындағы 44 елді мекен газбен қамтылады

313
22.06.2022

Жетісай ауданы толығымен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аудан әкімі Марат Қадырбек  Мақталы ауылы тұрғындарымен кездесуінде айтты. Оның сөзінше биыл 10 ауылдық округтегі 44 елді мекенге газ жүргізу үшін  сметалық құжаттарын әзірлеуге 127 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ, газ құрылысы басталған Жаңауыл, Достық ауылдары 2022 жылы көгілдір отынға қол жеткізеді. 

Ал Қарақай және  Ынтымақ ауылдық округінде  «Жетісай», «Киров»  АГТС нысандарын салуға 300 млн теңге қаржы қаралып, нысан 2022 жылы қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, Мақталы ауылдық округі Мақталы елді мекені қараша айында ауызсумен де толғымен қамтылады. Ал ауылдың 12 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі осылайша барлық ауыл округтердің жағдайына мән беретінін айтты.