Инфляцияны төмендетуге бағытталған шаралар кешені нәтиже бермей отыр. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осылай деді. Ол ұлттық экономика министрлігіне инфляцияны есептеу әдістемесін өзгертуді ұсынды. Өйткені қазіргі экономиканың құбылуы бірінші кезекте қарапайым халыққа салмақ салып тұр. Ал инфляцияның төмендейтін түрі жоқ. Депутат бағаны ұстап тұрудың орнына бөлінген 100 млрд теңгені халыққа таратқан дұрыс деген пікірде. Үкімет оны кезінде тауар бағасын ұстап тұру үшін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие ретінде берген болатын. Бірақ бұдан бағаның түскенін көрген жоқпыз дейді депутат.
АМАНЖАН ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
- Бізде 1 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бағаның көтерілуінен бірінші солар зардап шегеді. Егер бағаны ұстап тұра алмасаңдар, тікелей халықты қолдаңдар, әлеуметтік қорғалмаған топқа субсидия беріңдер. Ақшаны сауда желісіне таратқанға қарағанда пайдасы көп боларына сенімдімін"