Түркістан облысында қатты жылдамдықпен жүйіткіген көлік сайға құлап, 4 адам көз жұмды. Бір жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілген. Жол көлік оқиғасы кеше Шардара мен Жетісай аудандарын байланыстырып тұрған күре жолда болған. Әлеуметтік желіге таралған мына бейнежазбаларда көліктің бөлшектеніп кеткенін байқауға болады. Қазір өңірдің полицейлері жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғап, жол көлік оқиғасының себеп салдарын анықтап жатыр. Бірнеше сараптамалар тағайындалды.