Қаралы қаңтар оқиғасын ұйымдастырғаны үшін 27 адам ұсталды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы мәлімдеді.
Олардың қатарында Алматы әуежайы мен Көктөбе мұнарасына шабуыл жасағаған баскесерлер де бар. Сондай-ақ, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесіне қатысты дерек жаңаланды. Ол өз серіктестеріне суық қару ұсынғанымен қоймай, Алматының әр жерінен 24 азаматты ұрлап алып кеткені расталды. Оларды қинап-қорлау нәтижесінде 1 адам мерт болған.
СЕРІК ШАЛАБАЕВ, БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
- Қаруланған қылмыскерлер бір уақытта ұйымдастырушы мен оның сыбайластарынан нұсқау алған. Олар сыбайластарды 10 топқа бөлді, олардың жоспарланған қылмыста рөлі болды. "Жауаптылар" тағайындалып, оларға ұйымдастырушылар оқ өтпейтін кеудеше, басты қорғайтын құралдар, атыс қаруы және 200 мың теңге берген. Белгі ретінде сырт киімдерге ақ мата байланған.
Сонымен қатар 5-ші қаңтар күні өз орындарынан қашып кеткен Алматы және Қызылорда, Жамбыл облыстарының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшыларына байланысты 9 іс тергеуде. Ал айыпталушыларды үтікпен азаптаған 5 полиция қызметкерінің 3 еуі өз кінәсін мойындаған. Сотқа дейінгі тергеп тексеру процесінде әлі 500-нан аса іс қаралуда. Ал тапаншалар мен оқ-дәрілерді құқық қорғаушылар бүгінгі күнге дейін елдің әр қаласынан тауып жатыр.
САНЖАР ӘДІЛОВ - ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
- Таразда 19 маусым күні мынша тапншамен азамат ұсталды, тәркіленді.