Түркістан
EN

Облыс әкімі Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті

211
18.06.2022

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Отырар ауданына іс-сапармен барды. Сондай-ақ аймақ басшысы өлкенің тұрғындарымен кездесіп олардың талап тілектерін тыңдады. Қоғам ауылдық округінде газ құбыры тартылып, құрылысы салтанатты түрде пайдалануға берілді. 

Сырдарияны жағалай қонған Отырар жұрты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевті жылы қабылдады. Жұрттың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарына алғысын білдірді. Әйткенмен ел ішінде қордаланған түйткілдер де жоқ емес. Солардың бірі жұмыссыздық мәселесі. Ауылдық аймақта мемлекеттік жұмыстан өзге қос қолға бір күрек табу қиын. Кәсіпкерлік нысандарының аздығы оған түрткі болып отырған. Дегенмен бұл жайғдайға қатысты облыс әкімі былай жауап берді.  

Өңірге жасаған жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округіне газ берілгеніне көз жеткізді. Айта кетейік бүгінде аталған елді мекендегі 270 үйге көгілдір отын жеткізілген. Көмір жағып, күл шығарудан құтылғанына тұрғындар да дән риза. 

ЖҰМАБАЙ БЕКЕТ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: 

- Ауылымызға газ беріп жатыр. Облыс әкіміне рахмет. Ауылымызға жол салып беріп жатыр. Біз әкімгге ризамыз.

Отырар ауданында табиғи газ құрылысы жүріп жатқан 20 дан астам елдімекен бар. Газ құбыры жүргізу ісі толығымен аяқталса халықтың өңір халқының 70% көгілдір отынмен қамтылмақ.