Түркістан
EN

Қазақстанда 544 мың адам таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген

215
18.06.2022

Қазақстанда 544 мың адам таза ауыз сумен қамтылмаған. Бұл дегеніміз 1500 ден астам ауыл тұрғыны. Осылай деген ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жауапты сала мамандарын сынға алды. Бұл туралы ол су саласын дамыту перспективалары тақырыбындағы парламенттік тыңдауда айтты. Төменгі палата спикері Президенттің аталған мәселені 2025 жылға дейін толық шешу керек деген тапсырмасын еске салды. Тиісінше істің қарқынын арттыруды тапсырды.  

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Халықаралық сарапшылардың айтуынша 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға дейін артады. Ал су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше метрге жетуі мүмкін. Бұған әсер етуші факторлар жеткілікті: халық санының өсуі, экономиканың дамуындағы ерекшеліктер мен басқа себептер осы құбылысқа ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіптік және тұрмыстық секторда тұтыну жылдан жылға артып келе жатыр. Су ресурстары саласында проблемалық мәселелер жеткілікті

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов БҰҰ бағалауынша, әлемде әрбір бесінші тұрғын су тапшылығын көріп отырғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ұйым бас хатшысының болашақта су мұнайдан да қымбат болады деген сөзі бүгінгі күні шындыққа айналып баратынын жеткізді. Сондай-ақ Парламенттік тыңдауда депутаттар су саласы мамандарының саны тәуелсіздік жылдары 7 есеге төмендегенін айтып дабыл қақты.