Енді Түркістан қаласындағы азық-түлік бағаларын бірге бақылап отырамыз. Кез келген адам turkistan.tv сайтына кіріп, «Түркістан баға» айдарынан күнделікті тұрмысқа қажетті 13 түрлі азық-түліктің бағасын біле алады.
Ал сайтқа енгізілетін ақпарат базардың ресми өкілдерінен және бағаны тұрақтандыру ұйымынан апта сайын алынып, жаңарып отырады. Мысалы «Түркістан баға» айдарынан қала ішіндегі Эко базар, Қуаныш базар және он үш әлеуметтік дүкендегі ең негізгі өнімдердің бағасын біле аласыз. Сондай-ақ, арнайы іске қосылған айдар бірден орташа баға мөлшері мен өткен айдағы бағаның қорытындысын шығарып отыратын болады.