Түркістан
EN

Шымкенттегі 10 мыңнан астам халқы бар шағын ауданда ойын алаңшасы жоқ

155
17.06.2022

Шымкентте Тұран шағын ауданының тұрғындары ойын алаңы жоқ екенін айтып шағымданды. 10 мыңнан астам халық тұратын шағынаудан тұрғындары балаларының өміріне алаңдап, мәселелерін арқалап, Шымкент қаласының әкімдігі мен аудан әкімдігіне бірнеше рет барған.  Алайда нәтиже жоқ. 

Тұран 1 шағын ауданы тұрғындары балалары үйінен ойынға шыққан сайын  жандарын шүберекке түйіп отырады. Өйткені арнайы алаң  жоқ болғандықтан ұл-қыздары үлкен жолдың бойында ойын ойнайды екен. Осының кесірінен балаларды көлік қаққан жағдайлар да болған.  

 Марлен Жұмабаев:

- Соғып кеткен кезде бір бала ана жақта ойнап жүрген. Сол кезде бір машина қағып кеткен. Біз асфальтте ойнаймыз, бізде аяғымыз ауырады, басымыз ауырады, құлаймыз. Бізде ойнайтын жер жоқ. 

Тұрғындар қала,  аудан әкімдігіне ойын алаңшасы қажет екенін айтып есігін талай қағыпты. Ал жауаптылар осыған дейін оған арнайы жер жоқ деген сылтаумен жылы шығарып салып келіпті. 

Кәмшәт Ақпанова, қала тұрғыны: 

- Балаларды бірнеше рет қағып кеткен. Ойын баласына жағдай жасалмаған. Асфальтта ойнайды. 

 Гүлайша Жолдасовна, қала тұрғыны:

- Біріншіден біздің балаларға футбольный алаңша кереке. Балалардың ойнайтын жері жоқ. Жолда ойнап жатыр. Көшеде ойнап жатыр. Машинаның астына кіріп кетейін деп қанша жағдайлар болып жатыр. Балалар жылына орай, балаларға футбол алаңшасын салып берсін.

Қаратау ауданы әкімдігі мәселеден хабардар. Жауаптылардың айтуынша, ауданда спорт алаңшаларын салу үшін қазынадан 270 млн теңге қаралыпты. Қазір екі спорт алаңшасын Тұран 1 шағынауданына салу үшін конкурс жариялапты. 

Құдайберген Қалдықараев, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары:

- Екі спорт алаңшасын салуды жақын арада бастаймыз. Қазір мердігер анықталды. Тұран Сервис. Ойын алаңшасы бойынша. Спорт алаңшасы бойынша конкурс өткізілуде. Конкурс өткізіп болғаннан кейін, мердігер анықталғаннан кейін 2 спорт алаңша салу жоспарлануда.

Билік өкілдері 3 айда мәселе шешіледі деп сендірді. Алайда тұрғындардың атуынша, ойын алаңшаларының соғылатын орны нақты анықталмаған. Сондықтан балалар ала жаздай көлік нөпірі көп асафльт тас жолдарда доп тебуге мәжбүр.