Арнамыздағы жаңа жоба «Түркістанды көргім келеді» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда. Оған қатысуға ниет білдірген көрермендеріміз әр өңірден бейнежазбаларын жолдап жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласынан бағдарламаға қатысқысы келген үміткердің есімі Игілік Алмат. Ол бейнежазбада Түркістанның киелі жерлерін көргісі келетінін айтқан. Сондай-ақ байқауға көршілес Өзбекстан елінен де алғашқы өтінім келіп түсті. Қандасымыздың есімі - Руслан. Ташкент қаласының тұрғыны. Қатысушы үміткер жаз айын Түркістанда өзкізгісі келеді. Себебі, өз ата жұртының тарихын терең біліп, мәдениетімен танысқысы келетінін жеткізді. Айта кетсем, аталмыш бағдарламаға өтініштер 14 маусымнан бастап қабылдануда. Ол үшін baiqau.turkistan.tv сайтындағы «өтініш қалдыру» бөліміне кіріп, арнайы анкетаны толтырасыз! Алғашқы іріктеуден өткен 5 адам Түркістанды аралаған жерінен арнайы тақырып бойынша бейне ролик әзірлейді. Ұсынылған бейне материалдар арасынан үздікті халық дауыс беріп анықтайды. Нәтижесінде, қатарынан оза шапқан 3 жеңімпазға ақшалай сыйақы беріледі.