Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістан қаласында өткізуді ұсынамын. Қасым Жомарт Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан жиында осындай ұсыныс айтты. Сондай-ақ Президент ел атауындағы – «стан» жұрнағын алып тастау туралы түрлі әңгімелерге де жауап берді. Ол оны қисынды деп айтуға болмайды деді. «Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе» деді мемлекет басшысы.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
- Ұлттық құрылтайды Ұлытауды өткізейін деп Ұйғарым жасалды. Жошы хан кесенесінің іргесіне ақшатыр орнаттық. Мұның зор символдық мәні бар. Елдің бірлігі ұлттың тұтастыңғы деген осы.
Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайда Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді. Бұл туралы тиісті Жарлық Ақордада жарияланды. Сондай-ақ жиында президент шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтармай, әділетті қоғам туралы айту қиын екендігін айтты. Одан бөлек мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір кланның мүшесі ретінде қарамау керектігін жеткізді. Шенеунік деген сөздің жағымсыз ұғымға айналып бара жатқандығына да шүйлікті. Еске сала кетейік, Президент Ұлттық құрылтайды құру жөнінде Жарлыққа кеше қол қойған болатын. Бірегей институттың ережесі мен құрамы бекіді. Ұлттық құрылтайдың құрамында Мәжіліс депутаттары мен Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
- Менің жарлығыммен осы өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер. Қасиетті өлкенің атын жаңғыртып есімін Ұлытау деп қойдық. Дербес облысты дамыту осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Ұлт ұясы ұлытаудың қасында жаңа миссиясы қайта жаңғырды. Құрылтайға әр өлкенің санбуын өкілдері қатысып отыр. Құрылтайдың құрамында 117 адам бар.