Түркістан облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестін тапсыруға өтінім бергендер саны 28 мыңнан асып жығылады. Олардың ішінде 12600 түлек бүгінде тест тапсырып үлгерген. 5 мамырдан бастау алған ҰБТ-ны 16 шілдеге дейін түлектер 2 рет тапсыру мүмкіндігіне ие. Биылғы тестілеудің бір ерекшелігі осы.
Жылда ҰБТ маусымында әр оқушының қорқа да асыға күтетін тест нәтижесі осы жылы бірден экранға шығады. Себебі тест 1 тестіленуші, 2 камера, 1 компьютер қағидатымен өтеді. Түлектер осы жылы қаңтар, наурыз айында ақылы түрде тест тапсырды. Ал мемлекеттік грант үшін 2 рет негізігі ҰБТ-ны тапсыру мүмкіндікгі бар. Бүгін алғашқы мүмкіндігін пайдаланғандардың бірі - Зейнеп Тасболат. Болашақта университетте менеджемент саласында білім алғысы келеді. Екінші мүмкіндігінде 120 балдан жоғары жинауды мақсат етіп отыр.
Зейнеп Тасболат, талапкер:
- Мен 118 балл аламын деп шыққан жоқпын. Бәлкім бәрі солай ойлаған шығар. Өзімнің есебім бойынша 125-тен асуым керек. Екінші рет кіремін деп ойлап отырмын.
Осы жылы енгізілген фронталды камера тестіленушінің артық қимыл жасауына жол бермейді. Егер ереже бұзылса, бірден бақылаушыға белгі береді. Қазір ел бойынша 139 баллды иемденген екі түлектің нәтижесі жойылды. Дегенмен наурыз айындағы тестілеу кезінде бақылаушылардың да қызметінен шикілік кеткен.
Руслан Емелбаев, ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры:
- Наурыздағы ҰБТ-да 9 факті анықталды. Бақылаушылардың өзі заң бұзушылыққа араласқан. Қызметтік тексеріс өткізіп, оларды жұмыстан шығарып, құзіретті органдарға жібердік.
Бүгінгі тест тапсыру кезінде заң бұзушылықтар орын алмаған. Десе де осы жылдың аяғына дейін бейнебақылаудағы барлық жазбалар жеті тексеріледі. Талапкердің қандай да бір ережені бұзғаны анықталса, студент гранттан қағылуы да ғажап емес.
Руслан Емелбаев, ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры:
- Баланың қолына алатын сертификаты ағымдағы жылға 31 желтоқсаны да дейін жарамды. Бізде оның құқығын жоюға қауқарымсыз бар. Өткен жылы осы факт болды. 53 студенттің нәтижесі жойылды. 1 курс оқып жүргенде.
Сондықтан тестілеу орталығының қызметкерлері түлектердің академиялық адалдықты берік ұстануды сұрап отыр. Әр жыл сайын ҰБТ-ның жаңа форматы мен ережелеріне оқушылардың еті үйренген. Естеріңізге салайық, биыл Түркістан облысында 30 мыңнан аса оқушы мектеп бітірді.