Түркістан облысында қант қат дүниеге айналды. Қазір дүкендерде бұл тауардың келісі 750-800 теңгеден саудаланып жатыр. Енді жеміс-жидек піскен уақытта тосап қайнатып аламын дегендер алаңдап отыр. Мамандар тауардың қымбаттауын шикізат тапшылығы және оны жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланыстырады. Ал жауапты ведомство өкілдері халықтың қантпен қамтылуын қадағалап отырмыз дейді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір тұрғындары бір күнде 100 тонна қант тұтынатынын айтады. Қазір 20 күнге жететін қор бар бар. Енді алдағы айларда облысқа тағы мың тонна сұрнаныстағы тауар жеткізілмек.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:
- Шын мәнісінде статистикада баға 450 теңге болып тұрса да, базардағы баға 740 теңгеге жетті. Бірақ бізде әлеуметтік орындар бар. Ол жерде біз 350 теңгеден сатып жатырмыз. Одан бөлек продкорпорацияға 1000 тоннаға ұсыным бердік. Қаржымызды дайындап отырмыз. Жақын күндері үш вагон қант келеді деп күтілуде.