Түркістан облысында бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы сәтті іске асуда. Өңірінің қолайлы ауа райы ерте пісетін дақылдарды өсіруге, бір жерден жылына екі-үш өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибені халыққа түсіндіріп, түрлі семинарлар өткен.
Былтыр аталған жоба бойынша 8 400 гектарда 3000 жоба жүзеге асырылып, 145 500 тонна көкөніс өнімі жиналды. Ал биылдың 5 айында ауыл шаруашылығы саласында 199,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Айта кетейік өңірде жаңбырлатып және тамшылатып суғару технологиялардың шарапаты тиіуде. Сондай-ақ агробизнестің ілгері жылжуына оңтүстіктің ауа райының жайлылығымен байланысты. Бүгін орталық коммуникациялар орталығында аймақ басшысы осылай деді.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:
- Бір алқаптан екі үш өнім алу деген арнайы бағдарлама бар. Сол жоба аясында 8400 гектар жерге 3000 жоба іске аспақ. Соның нәтижесінде 3 милион тонна көкөніс алдық.