Туризм Түркістанның негізгі драйвері. Биылғы 5 айдың өзінде рухани астанаға 300 мыңнан астам турист келген. Сондай-ақ осы қысқа уақыт ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарып келеді. Барлық салада ілгерілеушілік байқалады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.
Туризм өңірдің негізігі драйвері. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін салаға былтыр 102 млрд теңге инвестиция тартылған. Ол қаражатқа облыста демалыс орындары мен туристік нысандар іске қосылды. Сөйтіп алғашқы орынға шықты. Биыл 5 айда Түркістанға келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға артты. Сөйтіп, 297 мың адамға жетті.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:
- Былтыр Түркістанда Өңіріміз тарихи және мәдени мұраға бай. Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курорты аумағында емдік- сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді.
Туристерді тартуда жолдың маңызы зор. Былтыр мың шақырым тақтайдай тегіс асфальт пайдалануға берілді. Нәтижесінде, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қанағатты жағдайдағы 87%-ға жетті. Биыл тағы 1300 шақырымнан астам жол мен көше жөнделеді.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:
- Облыс бойынша барлық жолдардың Республикалық маңыз бар жолдардың бізге тиесілі 21 жылы 591 нысан жол жұмыстарымен қамтылды. Сөйтіп жолдардың қанатты жағдайдағы үлесі 79 пайыздан 87 пайызға өсті. Биыл 800 нысан 200 нан астам көшелер қамтылады. 25 жылға дейін біздің межеміз 99 пайызға жеткізу.
Сондай-ақ, индустриалды аймақтарда, 44 жоба іске қосылды. Жалпы құны 32 млрд. теңге. Нәтижесінде 2368 жұмыс орны ашылған. Биылдың өзінде 6 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның екеуі бүгінде пайдалануға беріліп 36 жұмыс орны ашылды.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:
- Жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 1,6 есеге артып, 707,8 млрд. теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығы өнімі 1,7 есеге артып, 906,5 млрд. теңгені құрады. 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2018 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсті. Облыс бюджетінің көлемі 1,7 есеге артып, 970,3 млрд. теңгені құрады. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биылғы 5 айда оң өсім сақталды
Түркістан қаласы туризм, мәдениет, медицина, білім мен ғылым, спорттың орталығына айналып келеді. Мұнда тұрғындардың, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасалып жатыр. Қазір облыс орталығын дамытудың ІІ кезеңі жүруде. Бастама 4 аумақта жүзеге аспақ. Олар әуежай маңы, әкімшілік іскерлік орталық, Саттарханов даңғылы, Мәдени рухани орталық.