Түркістан облысы шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Мәселен шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі биыл 47%-ға артып, 1,2 трлн. теңгені құрады. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыс басшылығы аудан мен қала тұрғындарымен кездесіп, арнайы түсіндірме және насихат жұмыстары жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Айта кетерлігі, Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:
- Елдің кәсіпкерлікке деген ықыласы жақсы. Өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы 42,9 млрд. теңгеге 315 жоба мақұлданды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы 2,2 млрд. теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр.