Жыл басынан бюджеттің 65 млрд теңгесі игерілмеген. Оның 7 млрд үнемделген қаражат. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Оның сөзінше, төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері көп қаржыны игермеген. Бұған құжаттардың ұзақ рәсімделуі, шоттардың кеш ұсынылуы секілді бірқатар себеп бар. Ал ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарында байқалады. Дегенмен, биыл алғашқы 5 айда отандық экономиканың өсу қарқыны 4,6 пайызға дейін жеделдеген. Жыл басынан экспорт көлемі де ұлғайыпты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер министрі:
- Бес айдың қорытындысына сәйкес, Ақмола, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстрында, сонымен қатар Шымкент қаласы мен елордада барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім тіркеліп отыр. Жауапты мемлекттік органдар мен әкімдіктер осы жұмыс қарқынын сақтау керек. Ол үшін экономиканы әртараптандыру, инветицияларды тарту және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды жалғастыру қажет.