Кентауда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп кетті. Ол ауыр жарақатының кесірнен ауруханада көз жұмды. Ал үй ішінде болған екінші 10 жасар қыз ыстан уланып қалған. Қазір анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.
Төтенше жағдай кезінде әкесі вахталық қызметте болған. Анасы жұмысқа кеткенде есікті құлыптап шыққан. Тиісінше, екі бала есіктен шыға алмай қалған. Мамандардың болжамынша, өрт электр жүйесінің тұйықталуынан немесе балалардың отпен ойнауынан шығуы мүмкін. Алғашқыда ас бөлме өртенген. Кейін будақтаған жалын өзге бөлмелерге жайылған.