Түркістан
EN

Павлодарда тағы бір сарбаз көз жұмды

92
14.06.2022

Тағы бір сарбаз көз жұмды. Оқиға Павлодардағы 5512 әскери бөлімінің саябағында болған. Қызметтестерінің айтуынша, келісім-шарт бойынша әскери қызметте жүрген Айбек Тұрсұмбаев КамАЗ көлігінің дөңгелегін үрлеп жатқан. Сол кезде дөңгелек жарылып, сарбаз басынан жарақат алыпты. Кейіннен оның қаза болғандығы белгілі болды. Қайғылы жағдайға қатысты, ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы марқұм аға сержант Айбек Тұрсұмбаевтың отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айттты. Қазірде осы жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды.