Жаңа облыстарда әкімдік құру үшін бюджеттен 12 млрд теңге бөлінді. Бұл сумма әзірге тек бастапқы кезеңге есептелген. Осылай деген ұлттық экономика министрі берілген қаржының өзгеруі мүмкін екен айтады. Себебі, басқарушы әкімдікке маман мен мекеме мәселесі толқы шешілмеген. Қосымша қаражат болған жағдайда жергілікті бюджеттен де, республикалық бюджеттен де бөлінетін ресурстар дайын. Алайда барлығы заңнамада айқындалған тәртіппен қаралады дейді Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Біз облыс орталықтарының инфрақұрылымдық нысандардың, жылжымайтын мүліктің болуын, әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жалға алу және жөндеу қажеттілігіне дайындығын орнында зерттеп, сараптадық. Жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне қажетті әкімшілік ғимараттары бар. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жөндеуге, жалға беруге қажетті бюджет қаражатының алдын ала көлемдерін анықтады. Алдын ала жалпы қажеттілік шамамен 12 миллиард теңге.
Сондай-ақ, жаңа облыстардың әкімдерінде үш орынбасардан болады.Үш облыстың да әкімі тағайындалды. Қазіргі таңда өңірлерді басқару схемасын бекіту мәселелері ұсынылуда. Ол бекітілгеннен кейін облыстық басқармалар құрылып, тиісті кадрлық тағайындаулар жүргізіледі.