Түркістан
EN

Шымкентте жоспарланған тегін концертте шу шығып, шара тоқтатылды

109
14.06.2022

Шымкентте тегін концертке келген жастар бірін-бірі таптап кете жаздады. Ғимарат алдына жиналған жастардың концертке кіре алмай тұрған видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Кейіннен олар іштен құлыптанған есікті жұлқып ашып, залға тап қойған. Сыйымдылығы 1 300 адамға шақталған залға  2 500 адам жиналыпты. Бастапқыда «Наурыз» алаңында жұлдыздар мен блогерлердің қатысуымен тегін қайырымдылық концерт өткізбекші болған олар, шара жергілікті билік және құқық қорғау органдарымен алдын ала келісілмегендіктен рұқсат ала алмаған. Содан «Түркістан» мәдениет сарайының өкілдерімен шарт жасасқан. Жиын  тәртіпсіздікке ұласқан соң, концерт өткізілмей үйді-үйге тарқасты. Танымал жұлдыздардың қатысумен өтпек болған  «Meyirimdi asyladam» қайырымдылық қоры ұйымдастырған.