Түркістан
EN

Шымкентте қант тапшылығы сезілуде

210
14.06.2022

Шымкентте қанттың құны бақандай 200 теңгеге қымбаттап кетті. Кейбір сауда нүктелерінде тіптен 750 теңгеден саудалануда. Мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетілетін әлеуметтік дүкендерде ғана қантты 445 теңгеден алуыңызға болады. Өйткені қант сөреге қойылысымен 1-2 сағатқа жетпей таусылып кетеді екен. 

 Шымкентте шекер бағасының шарықтап кеткенін байқау қиын емес.  Әлеуметтік сауда нүктелерінің өзінде 1 келі құмшекер 529 теңгеден деп  бағасы тайға таңба басқандай жазылған. Алайда сөреде қант жоқ. Таусылып кеткен. Сатушылар мұны сұраныстың көптігімен байланыстырады. Айтуларынша Бас-аяғы 1-2 сағатта дымы қалмайды екен. 

ӘСЕТБЕК СТАЛИБЕКОВ, Сауда орнының өкілі:

- 12 орынға бір аптада 5 тонна көлемінде қан жеткізіледі. 529 теңгеден бір кг. Бір адамға 1 киллограмнан. Ол бір киллограмм 1-2 сағатта сатылып кетеді. Қант негізінде жеткіліксіз

Қала базарларында қанттың тапшылығы байқалмайды. Дегенмен жаз маусымының басталуымен сатушылардың айтуынша қанттың келесі 200 теңге дейін қымбаттаған. Дәл қазір 25 келелік қант сауда нарығында 17500 теңгеден сатылуда. 

Сәндігүл Байғараева, қала тұрғыны: 

- Керек кезінде құмшекердің қымбаттап кеткені қиын ғой. Құмшекерден басқа не жеп жатыр. Ал енді воренье жабатын кезде мүлдеп қымбаттап жатыр. Кеше 2-3 Шымкентте құмшекер мүлдем болмады. Базардан жеуге таппадық. Енді сатып алғанда 750 ден сатып жатыр. Тым құрғанда 550 теңгеден аламыз ба десек, 750 теңге.  Соның өзін осындай жағдайға жеткізіп отырған соң білмеймін мен. Үкіметтен ештеңе күте алмайтын жағдайдамын. 

Қуанышбек Мешітбаев, қала тұрғыны:

- Бірден шарықтап кеткені дұрыс емес. Халықтың әл ауқатын, несіне қатты тиіп жатыр. Мүмкіндік болса төбедегі билікке айтамыз, қанттың бағасын түсірсе. Сол қолайлы болар еді, менің тілерім сол.

Жауаптылардың айтуынша, қанттың нарықтағы бағасының шарықтауы көрші Ресей елінен азық-түліктің аз мөлшерде жеткізілуі. Сұранысты қамтамасыз ету үшін, базарларда әлеуметтік бағадағы сауда нүктелерін ұйымдастырмақ. Оның өзінде жан басына 1-2 келіден. Қазірде бағаны қолдан қымбаттаппау үшін арнайы мобильді топтар жұмыс істеуде.