Түркістан
EN

Жалған жолдама сатқан интернет алаяқтары көбеюде

243
11.06.2022

Петропавлда шетелге туристік жолдаманы рәсімдеуге байланысты интернет алаяқтықтың үш фактісі тіркелді. Қала тұрғындары әлеуметтік желідегі жарнаманы көріп,  тапсырыс берген. Мобильді аударымдар қызметі арқылы жолдамаға алдын ала төлем жіберіп, фирма менеджерімен WhatsApp желісі арқылы мәлімет алмасып отырған. Ақша сәтті аударылғаннан кейін менеджер WhatsApp-тағы клиенттерді бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатқан. Келтірілген шығынның сомасы– 90 мыңнан 360 мың теңгеге дейін. Қазір тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде.