Қазақстанның 12 өңірінде «Стелс-Омикрон» штамы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметіне сәйкес «Стелс-Омикрон» штамының – 93,8%-ы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. «Омикрон» штамының – 6,2%-і Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалған. Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.