Түркістан
EN

Жүргізуші куәлігін алып беремін деген алаяқ ұсталды

218
10.06.2022

Түркістандық полицейлер жүргізуші куәлігін әперемін деп тұрғынды алдаған қарағандылықты анықтады. Күдікті жас жігіттің сеніміне кіріп, ақшасын банк шотына аудартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 мың теңге. Тәртіп сақшылары банк шоттарын тексерудің нәтижесінде, күдіктіні қолға түсірген. Анықталғандай, жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы жарнаманы көріп қалған. Содан оның жекесіне жазып, екеуі байланыс орнатқан. Алайда күдікті өзінің арам ойын жүзеге асырып, жәбірленушіден ақша алған соң байланысты үзген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.