Түркістан
EN

Депутаттар әйелдердің зейнет жасын 58-ге түсіруді ұсынды

195
10.06.2022

Зейнет жасын төмендету керек. Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе  Сенат қабырғасында да көтерілді. Үкімет басшысына сауал жолдаған Дана Нұржігіт әйелдердің зейнеткерлік жасын 58-ге қысқартуды ұсынды. 

Сенатордың сөзінше, соңғы жылдарда орташа өмір сүру жасы төмендеген. Әсіресе пандемия кезінде өлім-жітім 22%-ға өсіпті. Сондай-ақ қазіргі белгіленген зейнет жасы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне де әсер етіп отырған көрінеді. Депутаттың дерегінше, бүгінде жарты милллионға жуық қазақстандық жұмыс таппай сандалып жүр. Оның ішінде 9 мыңнан астамы 28-ге дейінгі азамат.

Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

- Соңғы уақытта үкімет зейнетақы секторы мәселелерін қарастырып, ауыр жұмыстарда істейтін адамдардың зейнет жасын қайта қарап жатқанын білеміз. Әйелдердің зейнет жасын өзгерту туралы тілектерін айтпауға арым жібермейді. Осы өтініштер бойынша әйелдердің зейнетке шығу жасын - 58 жас деп белгілеуіңізді сұраймын. Ал егер әйел жұмысын жалғастыруға дайын болса, оны қарастыру оның құқығы.