Түркістан
EN

Түркістан облысында аптап ыстықтан жол жарылды

270
10.06.2022

Түркістан облысында жоғары температураға шыдамаған автожолдың бетон плиталары көтеріліп кетті. Аталған жағдай «Түркістан-Шымкент» арасындағы Төрткөл ауылы тұсындағы жолда болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан күре жолдың «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасына айтарлықтай зақым келгенін көруге болады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша бір-бірінен ажыраған плиталар автокөліктердің жүруіне кедергі келтірген. Кесірінен ұзын сонар көлік кептелісі пайда болған. 

Ләззат Стамғазиева, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы:  

- Жолды қалпына келтіру жұмыстарына 10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр.