Түркістан
EN

Мектеп оқушыларына ормалал тағуына рұқсат берілуі мүмкін

177
09.06.2022

Елімізде қыз балаларға мектепке орамал тағып келуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Бас ұстаздың айтуынша, Қазақстан зайырлы мемлекет, мектеп те зайырлы мекеме. Әр түрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды дейді ведомства басшысы.  Сондай-ақ, жаңа оқу жылынан бастап оқушылар әр аптаны мемлекеттік Әнұранды шырқаумен бастайды. Бұл бастама мемлекеттік рәміздерді ұлықтау дейді ол. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі

- Мектептегі жақсы дәстүрдің бірі – әр апта сайын линейка өткізіп, еліміздің Мемлекеттік Әнұранын айту. Бұл да бұрыннан қалыптасып келе жатқан игі дәстүр. Бірақ оны барлық мектепте бірдей іске асырылып жатыр деп те айтуға болмайды. Сондықтан бұл мәселені биылғы әдістемелік нұсқау хатта жеке белгілеп, осы тапсырманы беріп жатырмыз. Балаға Әнұранды айтуға балабақшадан, мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап тәрбиелеу керек. Сондықтан әр апта сайын дүйсенбіде оқушылар сапқа тұрып, Әнұранды шырқау дәстүрі болғаны дұрыс. Бұл жұмысты да басқа да мектептерде жалғастыру қажет.