Түркістан
EN

Ұлттық қордан бөлінген миллиардтаған қаражат мақсатсыз жұмсалған

106
09.06.2022

Ұлттық қордан бөлінген миллиардтаған қаржы мақсатсыз жұмсалған.Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Мемлекет басшысының қабылдауында мәлімдеді. Құзырлы орган қазынадан  әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңгенің жұмсалуына талдау жасаған. Нәтижесінде, тұжырымдаға сай емес бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Наталья Годунова, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы 

- Президентке Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы туралы баяндама жасадым. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 9 млрд теңгенің қаржылық заң бұзушылық фактісі анықталды. 290 млрд теңгенің 20 жобасында қаралмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеуге қатысты заң бұз фактілері анықталды.