Түркістан
EN

Түркістанда марафон ұйымдастырылмақ

208
08.06.2022

Түркістанда халықаралық марафон өткізілмек. Бұл туристерді тартудың бір жолы дейді дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері. Күз айларында өткізілетін жүгіру марафонына түркі тілдес елдердің желаяқтары қатысады деп күтілуде.  

Бұдан былай көне шахар тек түркі халықтарының рухани астанасы емес, халықаралық деңгейде жүгіруден марафон өткізілетін орталыққа айналады. Кезекті халықаралық марафон 9 -қазан күні рухани астана төрінде ұйымдастырмақ. Түркі тілдес елдердің спортшылары оған қызығушылық танытып, қатысуға өтінім бере бастаған

Жазира Мүслімова, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Түркістанның брендіне айналған «Түркістан марафонына» дайындық жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі таңда оған үлкен ірі спортшылар, жалпы спорт сүйер қауым қатысамыз деп тілек білдіруде. Тек қана Қазақстан емес, тек қана облыс емес, оған әлемнен спортшылар қатысуға ниет білдіріп отыр. Біз облыс әкімдігі, спорт басқармасы бірлесе отырып, ұйымдастырушылар, организаторлар бірлесе отырып, одан да жоғары дәрежеде ұйымдастырамыз деген үміттеміз.

Әлемдік деңгейдегі жарыс осымен екінші рет ұйымдастырылмақ. Бұған дейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Түркістан – түркі елдерінің рухани астанасы» аталуына орай, халықаралық марафон өткен. Оған әлемнің 19 елінен үш мыңға жуық спортшы қатысқан еді. Бұл  сайысқа бес мыңнан аса желаяқ қатысады деп күтілуде. Халықаралық марафонға қатысушыларды тіркеу жұмыстары қазірден басталып кетті. Ұйымдастырушылар тарапынан сайысқа қатысушы елдер мен спортшылар саны алдыңғыдан көбірек болады деген болжам бар.