Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-ші сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Орыс тілі тек 2-ші сыныпта, ал ағылшын тілі 3-ші сыныпта қосылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, зерттеулер мен талдаулар нәтижесі 1-сынып оқушысына бірден үш тілді меңгеру қиын екенін көрсеткен.
Сондай-ақ, министр биылдан бастап «Көркем еңбек» пәнін «Еңбек» және «Бейнелеу өнері» деген екі түрлі пәнге бөлу жоспарланып отырғанын айтты. 2024 жылдан бастап мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні де екіге бөлініп оқытылатын болады.