Түркістан облысындағы Төлеби ауданында мүгедектігі бар ерлі-зайыптылар балалармен бірге далада қалғалы тұр. Олардың айтуынша, осы уақытқа дейін ата-енесінің үйінде тұрып келіпті. Алайда енді пәтерден шығарып жатқан көрінеді. Енді отбасының жалғыз үміті жергілікті әкімдікте.
Тозығы жеткен баспанада шамамен сегіз адам тұрады. Құралайдың жолдасы да 3-ші топтағы мүгедек. Олар тек мемлекеттің жәрдемақысы арқылы ғана күн көріп келген. Енді мүлде далада қалғалы тұр. Өйткені енесі басқа пәтерге көшіңдер деп үйден кетуге уақыт беріпті. Алайда мүгедектігі бар отбасыға үкіметтен берілетін жәрдемақы жалдамалы баспана жалдауға жетпейтін көрінеді.
Хайридин Шахабудинов, ымдау тілінің маманы:
- Бұл кісі 3-ші топ мүгедегі. Енесі екі қайнысы інісімен бірге тұрады. Бір үйде үш отбасы тұрады. Бұл кісілер бөлек шыққысы келеді. Жалғыз арманы мемлекет үй берсе дейді. Бұл кісілерге туыстары көмектеспейді. Сол үйдің тек бір бөлмесінде тұрады.
Құралай Әнуарбекованың төрт баласы бар. Үлкені 1-ші сыныпта оқиды. Бір қуантатыны перзенттерінің дені сау. Жолдасының жұмысқа орналасуына еш мүмкіндігі болмапты. Ал заңгерлер үй кезегін күтуден басқа амал жоқ дейді.
Айниет Түймебаев, заңгер:
- Тұрғын үй қатынастар заңының 68-69 бабына сәйкес сол санатқа жататын азаматтарға мемлекет тарапынан үйлер беріледі. Ол үшін азаматтар арызын өтініштерін тастау қажет. Ол арызды үйде отырып, egov парталы арқылы тастауға болады. Әрине тиісті құжаттарды жіберу қажет. 30 күн ішінде үй кезегіне тұрды деген жауап керек.
Қазір көпбалалы ана 911 ші болып баспана кезегінде тұр. Алайда баспаналы болуы үшін әлі 209 адамды күтуге мәжбүр. Себебі дәл қазір Төлеби ауданында мүмкіндігі шектеулі 1120 адам үй кезегінде тұр екен.