Орталық референдум комиссиясы жалпыхалықтық референдумның ресми қорытындысын жариялады. Оған сәйкес дауыс беруге барған халықтың 77 пайыздан астамы конститутцияға әзірленген түзетулерді қолдаған. 18 пайыздан астамы қарсылық білдірген. Ал референдумға барған азаматтардың саны 8 миллионға жуық. Бұл дауыс беруге құқы бар 12 миллиондай адамның 68 пайызы.
Бұл 17 аймақтың әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрайды. Комиссия төрағасы халықтың жартысынан астамы дауыс бергендіктен референдум өткен болып есептелетінін айтты. Себебі саяси шараға қатысқандардың көбі ата заңға әзірленген түзетулерді қолдаған. Сондықтан заң бойынша бүгіннен бастап жаңа конститутция күшіне енеді. Яғни, ата заңның 33 бабына әзірленген түзетулер мен өзгерістер бүгіннен бастап іс жүзінде жүзеге аспақ.