Түркістанда теңдесіз теннис орталығы ашылды. Бекзада спорт түріне рухани астанада қоныстанған жастардың ықыласы жоғары. Қазірдің өзінде қырықтан астам мектеп оқушысы тегін жаттығып жатыр екен. Оларға еліміздің жасөспірімдер арасындағы үздік ракеткасы Заңғар Нұрланұлы шеберлік сағатын өткізді.
Теннис федерациясының вице президенті Юрий Польский Түркістандағы теннис орталығының ашылуына қатысты. Сондай-ақ шахардағы жаңа нысандармен танысты. Әсіресе жаңадан салынған спорт кешендеріне көңілі толатындығын айтты. Мұндай заманауи спорт алаңдарында саңлақтарды жаттықтыру мүмкінді мол екендігін жеткізді. Сонымен қатар алдағы уақытта Түркістан облысында үздік спортшылардың биік шыңдарға шығатынына сенімі мол екенін жеткізді.
Юрий Польский, «Теннис» федерациясының вице президенті:
- Түркістандағы жаңа теннис орталығымен таныстым. Балаларға барлық жағдай жасалған екен. Мен жақында еуроппа елдеріне іс сапармен бардым. Салыстырмалы түрде қарасам ол жақтан еш кем емес. Халқаралық стандарттарға сай деп айтуға әбден болады.