Түркістан
EN

Референдумға қатысу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы 1 орынға тұрақтады

240
07.06.2022

Орталық Референдум Комиссиясының соңғы ресми ақпараты бойынша Түркістан облысы белсенділік бойынша көш басында тұр. Өңір тұрғындарының 80,60 пайызы таңдау жасап үлгерген.  Ел тарихындағы маңызды саяси науқанға барлығы 8 миллион 30 мың 739 адам қатысты. Бұл жалпы қатысушылардың 68,44 пайызын құрайды. 

Мұхтар Ерман, ҚР орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

-         Азаматтардың келуі туралы алдан-ала деректі хабарлаймын. 5- ші маусым 22:00 дегі жағдай бойынша Түркістан облысы -80,60 пайызды, Қызылорда облысы-79,89 пайызды, Шығыс Қазақстан облысы- 77,49 пайызды құрайды. Ал Нұр-Сұлтан қаласы- 57,06 пайыз, Алматы қаласы- 33,30 пайыз, Шымкент қаласы-72,53 пайыз белсенділікті көрсетті. Референдумға қатысушылардың арасынан таңдау білдіргендері - 8 миллион 30 мың 739 адам. Бұл ел бойынша 68,44 пайызды құрайды.