Орталық Референдум комиссиясы қазақстандықтардың дауыс беруге келуі туралы алғашқы ақпаратпен бөлісті. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республиканың 9 992 референдум учаскелерінде дауыс беру басталды. Ел астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларда азаматтардың дауыс беру көрсеткіші жоғары. Қазақстан бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр.