Түркістандықтар референдумда белсенділік танытты. Тұрғындар таңғы 6-дан бастап учаскілеріне жинала бастаған. Мемлекеттік маңызды күнде бірінші болып таңдау жасаған қала тұрғынымен Нұрлан Сұлтанбек танысып қайтты.
Түркістан қаласының тұрғыны Мұхан Сейітқазимовте қос бірдей қуаныш. Таңдаған жарына құда түсу күні референдуммен тұспа-тұс келді. Конституциялық құқығын білдіруге асығып №136 референдум учаскесінің ашылуын таңғы 6-дан бастап күткен. Есесіне, дауыс беру пунктінің алғашқы дауыс берушісі атанып, ынтыландыру сыйлығын алды.
Мұханнан бөлек, дәл осы референдум учаскесінің ең жас дауыс берушісі болып тіркелген Сағидың тегі Сайлау. Шымкент қаласының тұрғыны. Жұмыс бабымен рухани астанада жүргеннен кейін дауыс беру пунктін ауыстыруға өтініші білдірген. Учаскі төрағасы бірінші рет дауыс берген Сағиға да сыйлық әзірлеп, табыстады.
Түркістан облысында барлығы 1,1 миллионнан аса адам референдумда дауыс береді деп жоспарланған. Ол үшін 900 сайлау учаскісі жұмыс істеп жұмыс тұр.