Түркістан
EN

Қазақстанда Республикалық Референдум басталды

125
05.06.2022

Бүгін Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше күн. Ел бойынша жалпыхалықтық референдум басталды. Бұл Ата заңға өзгерістер енгізуге қатысты соңғы 27 жылда өтіп отырған референдум. Бүгін өтетін саяcи шараға орай ел аумағында 10 мыңнан астам дауыс бері учаскесі құрылды.  

Сондай-ақ 15 шетелдегі өкілдіктер жанынан құрылған 17 орында дауыс беру өтіп жатыр. Тағы 48 учаске уақыт айырмашылығына байланысты әзірге ашылмады. Жалпы референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 18-ге толған 12 млн ға жуық дауыс беруші тіркелген.