Қаңтар оқиғасына қатысты 23 адам бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы еліміздің бас прокуроры Берік Асылов Президенттің қабылдауында баяндады.
Тағы 489 азаматқа қатысты іс сотқа жолданған. Ұрлықпен айналысқан 331 адам жауапкершілікке тартылған. Қалғандарына жеңіл жаза қарастырылды. Ал рұқсат етілмеген тергеу амалдары мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандарға қатысты істер ерекше бақылауда болатынын жеткізді. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себебін жан-жақты тексеріп, оған кінәлілерді объективті түрде анықтауды тапсырды. Сондай-ақ тергеу қорытындысы туралы халыққа тұрақты ақпарат беру қажет екенін айтты.