Түркістан
EN

КЕНТАУДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

11
29.11.2026

Бүгін Кентау қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Әдетте әр сенбі сайын өткізілетін сауда-саттық бұл жолы саяси науқанға байланысты жексенбі күніне ауыстырылған. Жәрмеңкеге жергілікті шаруалар өз өнімдерін әкеліп, тұрғындарға арзан  бағамен ұсынды. Сауда алаңында келушілердің қарасы қалың. Қала тұрғындарының көңіл күйін көтеру мақсатында мәдени бағдарлама да ұйымдастырылған. Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлауда.