Түркістан қаласының жұртшылығы қай кезде де саясатқа самарқау қарамайды. Бүгін де әдеттегідей дауыс беруге келіп жатқан тұрғындардың қарасы қалың. Бүгінде шаһарда 68 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда 139 мың 29 сайлаушы таңдау жасауға құқылы. Қалалық сайлау комиссиясы төрағасының мәліметінше, дауыс берушілердің белсенділігі әсіресе таңғы уақытта жоғары болған. Қазір де учаскелерге келіп, азаматтық таңдауын жасап жатқан тұрғындар аз емес.