Елімізде өтіп жатқан бүгінгі сайлауда Түркістан облысының Қазығұрт ауданында тұратын үшем сәбилердің ата-анасы Аслиддин Шапахов пен Зиёда Сайдурасил та таңдауларын жасады. Олар өздерінің азаматтық парыздарын орындау үшін сайлау учаскесіне отбасымен бірге келген. Үшемдердің әкесі балаларының Қазақстанның үлгі тұтар азаматы болып өскенін қалайтынын және болашақ ұрпаққа үлгі көрсету маңызды екенін атап өтті.