Түркістан
EN

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 12,31%-Ы ДАУЫС БЕРДІ

6
29.11.2026

Республика бойынша таңғы сағат ондағы жағдай бойынша сайлаушылардың 12,31 пайызы дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, ең жоғары белсенділік Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында байқалып отыр - үш өңірде де көрсеткіш 15–16 пайыз шамасында. Мегаполистер арасында Шымкент 12,67 пайызбен алда келеді, Астанада — 9,93, ал Алматыда — 6,41 пайыз. Тұрғындардың саяси науқанға қатысу көрсеткіші күн соңына дейін тұрақты жаңартылып тұрады.