Түркістан
EN

Саурандықтар аялдама жоқтығын айтып шағымданды

209
04.06.2022

Ауылдың құрылыс жоспары халықпен кеңесе отырып әзірленуі керек. Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Айтуларынша Шорнақтың бас көшесінің құрылыс жұмыстарының кем-кетіс тұстары көп екен.  

Сауран ауданының орталығы болғалы кейбір көшелерге алғаш рет жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда ауыл тұрғындары құрылыстың кемшілігі көп дейді. 

Надыр Акашев, ауыл тұрғыны:

-         Осыны проектіні сызғанда жоғарыда отырғандар ойламайды ма? 100 бала мектепке қалай барады? Мектепке төрт километрден менің балаларым келіп, қатынайды. Өзіміз ауылдың шетінде тұрамыз. Ол жақта 150 жуық үй бар. Солардың бәрін сандалтып отыр. Құрылысытың «технадзоры» келіп бізбен ақылдассын. Бізге үш аялдама керек.

Ал әкімдіктегілердің уәжі басқа.  Барлық жұмыс жұртпен кеңесе отырып жасалуда дейді. Мәселені барлығы аялдамалардың арақашықтығында ғана екен. 

Шынболат Оспанов,  Сауран аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің бас маманы:

-         Дәл қазір аялдамалардың арасы 1 шақырымға жуық. Бұл басты жоспарда бекітілген. Егер ұсыныстарыңызбен арыз-шағымдарыңыз болса әкімдікке барып жазбаша түрде қалдырыңыздар.

Аталмыш мәселе Сауран ауданы әкімдігінің басты назарына алынатын болды. Ал 3 ай бұрын басталған жаңа жол күзге дейін ел игілігіне беріледі дейді жауапты сала мамандары.