Түркістан қаласы тағы бір мәрте жаһандық деңгейдегі маңызды диалог алаңына айналды. Бүгін мұнда Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы өз жұмысын бастады. Конституциялық Сот, бірқатар министрліктер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарының және жетекші университеттердің қолдауымен өтіп жатқан алқалы жиын ұлттық тарихи мұра мен халықаралық стандарттарды зерделеу арқылы құқықтық мәдениетті дамытуға арналған. Жиынға шет елдердің конституциялық бақылау органдары, Құрылтай депутаттары, ғалымдар мен азаматтық қоғам өкілдері жиналды. Шараның барысы жайлы тілшіміз Балым Әлішер тікелей эфирде тарқатады. Балым бүгінгі отырыста қандай басты мәселелер талқыланып жатыр?